ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

13:32, 22 қаңтар 2021

Өскеменде онкология және хирургия көпсалалы орталығында ашық есік күндері өтеді. Облыс тұрғындары мамандардан кеңес алып, жатыр мойны обырына тексеруден өте алады. Қазақстанда жатыр мойын ісігі сүт безі обырынан кейін екінші орындағы қатерлі дерт. Яғни, осы аты жаман ауруға шалдығатындар қатары көп. Онкологияның алдын алудың ұтымды жолы - әйелдер қауымына жарты жылда бір рет гинеколог қабылдауында болып, цитология тапсыруы аса маңызды. Барлық онкологиялық мекемелерде 18 және 24 қаңтар аралығында жатыр мойын ісігінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өтеді. Мамандар жатыр мойны обыры өте баяу дендейтінін айтады. Алғашқы кезеңінде, тіпті ешқандай белгі болмайды. Алайда, салдары айтпаса да түсінікті. Сол себепті дәрігерлерге жиі қаралып тұру өміріңіз үшін аса қажет. Ашық есік күндері аясында әйел азаматтарды білікті онкогинеколог мамандар 23 қаңтардан бастап сағат 9-дан 13:00 аралығында қабылдайды. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса болғаны. Жергілікті емхана дәрігерлерінен жолдама қажет емес. Айта өтейік, Дүниежүзілік денсаулық ұйымы 2021 жылды «жатыр мойны обырымен күрес жылы» деп жариялаған болатын.

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар