ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

26 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨСКЕМЕНДІК ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

13:30, 13 мамыр 2021

Өңірде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау науқаны жалғасуда. Осы уақытқа дейін 26 мыңға жуық өскемендік екпе салдырып үлгерген. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері де вакцина алуда. Бүгінде елімізде вакцинаның 3 түрі қолданылуда. Облыс орталығында орналасқан №2 емханадағы егу бекетіне Араб әмірліктерінде өндірілген "Hayat-Vax" екпесінің 600, отандық "QazVak" вакцинасының 200 дозасы жеткізілген. Ал ресейлік «Спутник V» вакцинасы ең көп мөлшерде егілуде. Шетелдік вакциналармен қатар қаладағы емханаларда отандық "QazVak" вакцинасы жаппай егілуде. Ерікті түрде екпе алушы тұрғындарда отандық өнімге деген сенім жоғары. Сонымен қатар Өскемендегі ірі кәсіпорындарда да вакцина егу жалғасуда. Бұл жолы «Спутник-V» екпесін құрылыспен айналысатын компания қызметкерлері салдырды. Жұмыскерлер екпені ешқайда шықпай-ақ өз жұмыс орындарында алды. Медициналық орталықтан арнайы шақырылған жылжымалы топ вакцина салмас бұрын жұмысшылардың әрқайсысының денсаулығын жіті тексерді. Ал вакцина алған соң олар 30 минут дәрігердің бақылауында болды. Медицина мамандары азаматтарды карантиндік талаптарды қатаң сақтап, қауіпті індетке қарсы екпе алуға шақырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар