ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Тарбағатай саяхатшылары «экспо» көрмесіне аттанды

21:05, 28 шілде 2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін Тарбағатай ауданынан 47 адам Астанаға аттанды.

Саяхатшылардың барып-қайту сапарына аудан әкімдігі 2 млн.теңге бөлді. Енді олар бірнеше күн бойы «ЭКСПО» көрмесі, «Бәйтерек» кешені мен «Этноауылды» аралап, пароходпен Есіл өзенінде серуендейді. Әзірет Сұлтан мешітіне барып, «Пирамида», «Ұлттық мұражай», «Тәуелсіздік» алаңы сияқты Астана қаласындағы сәулетті нысандарды тамашалап қайтады.

Жерлестерінің аманатын арқалап, «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанатын саяхатшылар әр ауылдан топ-топ болып, Тарбағатай ауданының орталығы - Ақсуатқа жиналды. Елордаға баратын делегация құрамында тыл және Ауған соғысы ардагерлері, зейнеткерлер мен алтын және күміс алқа алған көпбалалы аналар бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар