ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Шығысқазақстандықтар шарапатты шарадан шабыттануда

21:49, 11 тамыз 2017

Шығыс Қазақстан тұрғындары мамандырылған Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінен шабытпен оралуда.

Аягөз ауданы Сарыарқа ауылының тұрғыны Әбия Хасенова сондай жанның бірі. Зейнеткер Елордаға барып, ЕХРО қалашығындағы түрлі елдердің павильондарын аралап қайтты.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы - «Болашақ энергиясы». Атында тұрғандай, әлемдік қауымдастық энергияны тұтыну мәселесіне алаңдайды. Себебі ол қоршаған ортағы үлкен әсерін тигізеді. Көрменің негізгі мақсаты халықты энергияны пайдалануда үнемдеуге шақыруды, сол арқылы табиғатқа залал келтірмеу амалдарын көрсетуді көздейді. Әбия Хасенова таяуда ғана Астанадан оралды. Алтын Алқа иегері ауылдастарымен ЭКСПО-дан алған әсерімен бөлісуде. Зейнеткер: «Халықаралық кормені көрген де арманда, көрмеген де арманда», - дейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар