ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

21:21, 22 тамыз 2017

ЭКСПО көрмесіндегі Сауд Арабиясы павильоны келген қонақтарға арнап ерекше сый дайындады.

Арабтың өрме жазуымен есімдерін қағазға түсіріп, естелік ретінде сыйлады. Бүгін Ұлттық күнін тойлап жатқан Сауд Арабиясы павильонының алғашқы бөлігі осындай шығармашыл жандардың өнерін насихаттауға арналған. Ал, екінші бөлігінде энергетика саласындағы жоспарлары таныстырылған. 2030 жылға дейін корольдік энергетика саласын әртараптандырып, баламалы қуат көзін арттырмақ. Атом бағдарламасын жүзеге асырып, газ өндіруді екі есеге көбейтуді жоспарлап отыр. Ұлттық күн аясында елдің даму жоспарымен қатар, ұлттық салт-дәстүрінен хабар беретін концерттік бағдарлама да көрермен назарына ұсынылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар