ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Малайзия - көміртексіз ел

21:09, 2 тамыз 2017

Малайзия павильонында «Тұрақты қалалар» апталығы басталды.

Жасыл экономикасы қарыштап дамыған Малай елінің өкілдері алдағы үш күн бойы өздерінің тәжірибесімен бөліспек.

Апталықтың алғашқы күні олар көміртегі газын азайтудың жолдарын айтып берді. Жалпы әлем бойынша көміртегінің 70 пайызы қалалардан шығады. Яғни жылыжай газдарының шығарылуынан осы шаһарлар көш бастап тұр. Бұл орайда Малайзияның өз тәжірибесі бар. Елде «Төмен көміртекті қалалар» бағдарламасы қарқынды жұмыс істейді. Онда қалаларды жасылдандырудан бастап көліктерді электрлендіруге дейін тәптіштеп жазылған. Малайлықтар сол бағдарламаларын біздің тарапқа үлгі етпекші. Нәтижесінде малайзия мен қазақстандық компаниялар арасында өзара келісім орнамақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар