ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қытай павильонын 230 000 адам тамашалаған

21:38, 27 шілде 2017

Экспо көрмесіндегі Қытай павильонын бүгінге дейін 230 мың адам тамашалаған.

Бүгін, Қытай елінің павильонында Шэньси провинциясының апталығы ашылды. Алдағы бірнеше күн бойы  Астана мен көрме аумағында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, қытай ән би кеші мен ұлттық опера өнерінің туындылары орындалады. Сондай-ақ, Қытайдан арнайы келген аспаздар  ұлттық тағамдар көрмесін де ұсынбақ. Айта кету керек, экспо аясында, қытай 23-ке жуық провинция мен қаланың мәдени күндерін өткізеді. Бүгінге дейін, оның 15-і атап өтілді. Көрме соңына дейін тағы оншақты қаланың апталықтары ұйымдастырылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар