ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Көрермендердің «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерлері көп

21:01, 10 тамыз 2017

Елімізде өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстан Тәуелсіздігін алған жылдардан бергі уақыттағы ең елеулі оқиғалардың бірі.

«Болашақтың энергиясы» атты бұл айтулы шараның мақсаты – жер жаһандағы энергия тұтынушыларды ұқыптылыққа шақыру. Ұсыныс пен алға қойған жоспарға жету үшін әлем елдері қолындағы барын алып, Астанаға асыққаны белгілі. Оны тамашалауға шығысқазақстандықтар да ағылуда.

«ЭКСПО-2017»  көрмесінің көркі күн өткен сайын кіріп келеді. Дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінен келген мәртебелі меймандар, Халықаралық шарада ғылыми жетістіктерімен бөлісіп бағуда. Әр мемлекеттің көрсетуге ұсынған дүниелері орналасқан павильондарының арасында еліміздің «Нұр Әлеміне» көрермендер көптеп ағылуда. Сонымен қатар, коммерциялық павильондар мен балалар саябағында самсаған халық көп. Африкалықтардың бөліміне де баратындардың қатары қалың. Онан кейін, тізім бойынша Үндістан мен Египет, Түркия мен Ресей. Барлық дамыған елдердің ұмтылған «Болашақтың энергиясы» атты бұл шараны шығысқазақстандық жастар да барып көріп, куә болуда.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар