ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Халықаралық көрмеге қызыққандар көп

21:51, 27 шілде 2017

Елімізде өтіп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының қозғаушы күшіне айналды.

Себебі, аталған жобаның аясында баламалы энергетикаға арналған сан алуан жаңа өндірістер ашылып, экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Астана халқының емін-еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалып, қала инфрақұрылымын дамыту жобалары қолға алынды. Осы Астананың тәжірибесін барлық аймақтарға тарату жоспарланған. Міне, осы жобалар мен көрменің өзін көруге барып жатқан көрермендер күн санап көбеюде. Солардың арасындағы шығысқазақстандық жерлестеріміз өз алған әсерлерімен бөлісуде.

Елімізде өтіп жатқан көрме талайларды таң қалдыруда. Әлем елдерінің ең ерекше деген дүниелері таныстырылып, ел назарына ұсынылған ортаға ағылған халық та аз емес. Көрменің аяқталуына бір айдан астам уақыт қана қалса да көрермендер саны көбеюде. Әсіресе болашақтың энергиясын көрсеткен қазақстандық ғалымдарға арнайы барған өскемендіктер разы болып қайтты.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар