ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«EXPO-2017 FOOTBALL CUP» турнирі өтеді

21:40, 27 шілде 2017

5 тамызда Елордадағы «Астана Арена» стадионында «EXPO-2017 Football Cup» халықаралық турнирі басталады.

Оның бағдарламасын  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының туризм және дамыту департаменті директоры Аллен Шайжүнісов баяндады. Оның айтуынша, 4 тамыз күні Астанадағы ЭКСПО көрмесі аумағында әлемнің аты аңызға айналған ардагер футболшылары жанкүйерлермен кездесу өткізеді.

Кездесу барысында футболшылармен фотоға түсіп, олардан қолтаңба алуға мүмкіндік берілмек. Ал, 5 тамызда «Астана Арена» стадионында топтық матчтар ұйымдастырылып, турнирдің ашылу салтанаты өтеді. Турнирге Қазақстан, Ресей, Италия, Германия және Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Олардың арасында «Алтын доп» иегері француз Жан-Пьер Папен, «Валенсия» капитаны Гаиска Мендьета, «Порту» сапында ойнаған Манише мен Италия чемпионатының үздік сұрмергені болған Эрнан Креспо бар. Сондай-ақ, 6 тамызда футболдың атақты ардагерлері мыңға жуық жасөспірімге шеберлік сағатын өткізбек.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар