ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

EXPO-2017. Астанадағы ШҚО күндері

21:50, 25 шілде 2017

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 21 шілдеде басталған Шығыс Қазақстан облысы күндері бүгін аяқталады.

Көрмеге Катонқарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандарынан жəне Ұлан ауданындағы Аблайкит бекініс-монастрінен табылған 3000-нан астам жəдігер көшірмелері қойылды. Сонымен қатар көрмеге Қазақстанға танымал ғалымдар Зейнолла Самашевтың, Әбдеш Төлеубаевтың, Карл Байпақовтың облыста жасаған соңғы екі жылдағы еңбектері ұсынылды. Бұл ғалымдардың барлығы Шығыс Қазақстанда үш жылға жоспарланған археологиялық бағдарлама аясында еңбек етуде. Екі жыл ішінде археологиялық бағдарламаны қаржыландыруға облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаражат бөлінді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар