ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«ЭКСПО» көрмесі елге ірі инвестиция тартуға жағдай жасайды

21:18, 1 тамыз 2017

Қазақстан халықаралық жетістіктер экспозициясын өткізу арқылы «жасыл экономиканы» дамытуға септігін тигізетін көптеген әлемдік тәжірибе жинақтайды. Меймандар бұрын-соңды көрмеген, әзірге қолданыста жоқ жаңа идеяларды тамашалау мүмкіндігіне ие болуда.

Қазір мемлекеттің бас қаласына асығатындар қатары мол. Сарыарқа топырағындағы «ЭКСПО-ны» тамашалаған жерлесіміз көрмеден алған әсерімен бөліседі.      

Қазақ елінің Тәуелсіздік алғалы қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің даму жөнінен алдыңғы қатарлы елдерімен керегесі тең тұрып, бой түзеу жолында бағындырған асуы да, өткенде қалдырған қиындығы да аз болмады. Көрмені тиісті деңгейде өткізіп келе жатқан мемлекеттің тамыры тереңде жатқан тарихының жаңа беттері ашылды. Қысқа уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобалар қолға алынып, абыроймен мәресіне жеткізілді. Бүгінде жер шарының миллиардтаған тұрғыны Қазақстанға көз тігіп отыр.  «ЭКСПО» мамандандырылған көрмесін тамашалауға келген туристер саны соның дәлелі. Тілеуқайша Қалиасқарова да бұл сөзді растайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар