ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ЭКСПО қалашығында Африка елі «Лесото карольдігінің» ұлттық күні тойланды

21:54, 31 шілде 2017

«Аспан асты патшалығы» аталатын шағын ғана ел дүние жүзіне алмас өндірумен аты шыққан. Кәрі құрлықтың оңтүстігіндегі корольдік дүние жүзі бойынша асыл тас өндіруден тоғызыншы орында келеді.

Екі миллионға жуық халқы бар лесотолықтар болашақ энергиясын игеруден де құралақан емес. Теңіз деңгейінен 1400 метр биікте орналасқан елді мекендерге қажетті энергияның 65 пайызы баламалы қуат көздері арқылы келеді. «Сондықтан ЭКСПО көрмесіне келу біз үшін маңызды»  дейді корольдік өкілдері. Ұлттық күн мерекесіне туы көтеріліп, әнұраны шырқалған шағын ел қонақтарға мәдениеті мен тұрмыс салтынан сыр шертетін бағдарламасын ұсынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар