
Жаһанға «Болашақ энергиясы» деген ұранмен, табиғи қуат көздерінің түр-түрін паш еткен «ЭКСПО-2017-ге» барған шығысқазақстандықтар көп болды.
Тек қана Глубокое ауданның 5 мыңға жуық тұрғыны Астанада өткен халықаралық мамандандырылған көрмені тамашалап қайтты. Билеттердің дені мұғалімдерге, медицина қызметкерлері мен оқушыларға сыйлық ретінде таратылған. Бұл туралы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Сергей Кимасов, баспасөз-мәслихатта айтып берді.