ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Дархан Жүрекбаев: Қазақстанның мұндай іс-шара өткізуі тарихи белгі деп есептеймін

21:00, 3 тамыз 2017

Әлем жаңалығына айналған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалаушылар саны күннен-күнге өсіп келеді.

Көрме әр адамның алдына түрлі инновациялық мағлұматтарын жайып салады. Болашақ энергиясы, оның баламалы көздері туралы құлақпен естіп, көзбен көріп, қолмен ұстағаннан кейін ғасыр ғаламатына айналар дүниелердің әлі де болса ашылмағандығына көзіңіз жетеді.  Мәселен, Ресей елі көрмеде Арктика табиғатының энергетикалық қуатын көрсетуімен ерекшеленеді. Суық климатта болып көрмеген адам үшін бұл расымен де жаңалық. Жапониялықтар қуат көзін аз шығын жұмсау арқылы алудың түрін көрсете отырып, экономикаға да, қоршаған ортаға да тиімді қауіпсіз тәсілдерімен бөлісуде. Аягөз ауданынан Елордаға баруға 5000-ға жуық адам ниет білдірген. Солардың 4000-ға жуығы мақсатына жеткен.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар