ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР

13:34, 30 желтоқсан 2020

Осы жылдың үздік оқушылары. Тек Қазақстанда ғана емес, шет елдегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген таланттылар. Тынбай еңбектеніп, талай биік шыңдарды бағындырған оқушылар туралы келесі сюжетте. Небәрі 16 жаста болса да қазірдің өзінде төрт тілді біледі. Әмина Бақтиярованың арманы асқақ, мақсаты айқын. Ол - бірнеше сайыстардың жеңімпазы. Қазір жазушылыққа бет бұрған қыз алдағы уақытта өз бағын тек бұл жолда емес басқа салада да сынап көрмек. Еңбекқор, ізденімпаз, дарынды Әмина алдынан қандай қиындық шықса да төтеп беруге үйренген. Оның айтуынша, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ.  Талмай еңбек етудің арқасында небәрі 16 жасында Жас ғалым медалімен марапатталған жастың бірі - Аяулым Сейітқалиева. Ол биыл Мәскеу қаласында өтетін байқауға қатысу тиіс болған. Алайда, пандемия салдарынан кейінге шегерілді. Наргиз Тоқтамысова мектеп қабырғасында өтетін барлық жарыстарға қатысып, салтанатты шараларға ат салысады. Ол биыл Туған елге тағзым байқауында жүлделі орынға ие болды. Бос уақытын тиімді өткізуге тырысады. Түрлі тәтті бәліштер жасап, отбасын қуантуға асық. Алға қойған мақсаттары да көп. Бұл оқушы қыздардың арманы бір. Еліне елеулі, халқына қалаулы азамат атану.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар