ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ҰБТ жаңа форматта өтеді

13:36, 21 мамыр 2021

Биыл Ұлттық Бірыңғай Тестілеу ерекше форматта өтпек. Тестілеу алғаш рет электронды түрде жүргізілетін болады. Осыған орай облыста 5 тестілеу пункті құрылды. Мектеп түлектерін алда не күтіп тұр, оқушылар бұған дайын ба? Тестілеу пункттері Өскемен, Семей, Аягөз қалалары мен Ақсуат, Үлкен Нарын ауылдарында ашылды. Ал өзге аудандардағы мектеп бітіруші түлектер осы пункттерге жеткізіледі. Биылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеу де, ЖОО-дағы сессия да прокторинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық Бірыңғай тестілеу электронды форматта алғаш рет өткізілетін болғандықтан, көптеген жеңілдіктер жасалды. Атап айтсақ, бұрынғыдай тестілеу алдында оқушылар қағаз, сурет жинап жүгірмейді. Талапкерлер бұл жаңашылдықтарды қалай қабылдады? Тестілеу форматындағы өзгешеліктерге дайын ба? Осы сұрақтар олардың барлығын мазалайтыны анық. Сондықтан, қала мектептерінің бірінің түлектерінің пікірін біліп қайттық. Электронды форматтың басты артықшылығы – бұрынғыдай қағаз бояп отырмайды. Қағаз форматында түлек тест парақшасындағы бояуды дұрыс боямағанның өзінде жауап қабылданбайтын. Осылайша, басты проблемалардың бірі шешімін тапты деуге болады. Сонымен қатар, электронды жүйеде тест тапсырушы жауабына күмәнданса, қайта оралып, түзеуіне де болады.

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
13:32, 17 мамыр 2021
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
13:32, 5 мамыр 2021
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар