ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ҰБТ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ӨТІП ЖАТЫР

13:36, 12 наурыз 2021

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл алғаш рет электрондық форматта өткізіліп жатыр. 10 наурыз бен 10 сәуір аралығын қамтитын тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" принципі бойынша ұйымдастырылады. Электрондық форматтағы ҰБТ-ның тағы қандай артықшылықтары бар? Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгеше форматта өтеді. Бұған дейінгі тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт берілді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Жаңа формат мектеп бітіруші түлектерге қиынға соқпаған сыңайлы.  Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат беріледі. Ең жоғары балл – 140.

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
13:32, 17 мамыр 2021
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар