ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?

17:17, 26 наурыз 2021

Мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда білім алу мәселелері үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Осыған байланысты бүгін төртінші тоқсандағы оқу форматына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. 2020-2021 оқу жылының соңғы тоқсанында республиканың барлық өңірлеріндегі тек 300-ге дейін оқушылар саны бар мектептер ғана дәстүрлі форматтағы оқытуды жалғастырады. Брифингте талқыланған өзге де мәселелер турасында келесі сюжетте. Оқушылар 4 тоқсандағы оқу форматына ауысқан кезде «Бір сынып, бір кабинет» принципі сақталып, әр сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы тиіс. Сабақтың ұзақтығы әдеттегідей 40 минут. Сондай-ақ, 4 тоқсанда оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Оқушылар қимыл-қозғалысына ыңғайлы, ұқыпты, таза мектеп формасын кисе болғаны. Оқу жылының соңына дейін оқушылар еркін киіммен жүре алады. Сондай-ақ, ауысымдар бойынша сыныптар санын, жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді. Ал министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынды. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізуге ұсыныс берілді Ал қызыл аймақта орналасқан өңірлердегі оқыту форматын жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық санитариялық дәрігерлер айқындайды.

                                                                           

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
13:32, 5 мамыр 2021
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕ...
Толығырақ...
ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ
13:40, 29 сәуір 2021
ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар