ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ТОПЫРАҚТЫ ТАЗАРТУДЫҢ ТЫҢ ӘДІСІ

13:37, 26 қараша 2020

Шығысқазақстандық ғалымдар топырақты тазартудың тың әдісін сынақтан өткізіп жатыр. Экологиялық жағынан таза, табиғаттың өз өнімін қолдану арқылы артық қалдықтан арылудың әдісі бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді. Соңғы өткізілген сынақ нәтижесі оң. Бірегей жобаның негізгі ерекшелігі – калифорния құрттарының қолданылуы. Қуантарлығы, ғылыми істе жастардың белсенділігі жоғары.Арай Кәрменова есімді мына магистранттың қазір бар назары жобасында. Жетекшісімен бірге қолға алған бастамасы топырақ құрамын тазартуда таптырмас амал. Қолданатын әдісі де елден ерек. Калифорния құрттарын топыраққа жіберу арқылы зиянды қалдықтардан тазартуға болатынын көрсетті.Құрттардың өзін енді Ресейге сынаққа жөнелтпек. Жоба жетекшісі Жанат Ыдырышеваның айтуынша, бұл амалды биогумус мақсатында қолдану қажет. Кейін ауыл шаруашылығы саласына да тиімді болады.Осынау құрттар арнайы тапсырыспен алдырылыпты. Тек бұл құрттар қыстың суығына бейімделмеген. Сол себепті, «әлі бас қатырар тұстары бар» дейді жобаның басы-қасында жүрген мамандар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар