ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ТЕХНИКАНЫҢ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕНДЕР

13:30, 13 сәуір 2021

3D-модельдеу, робототехника, виртуалды бас киімдер, үстел ойындары мен сөйлей алатын глобус. Міне, бұл 21 ғасырдың техникалық жетістіктері. Адам қиялы мен ойының ұшқырлығында шек жоқ. Әсіресе, білімді азаматты тәрбиелеуді жас буыннан бастау керек. Облыс орталығында осы мақсатта арнайы шара өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар және жасөспірімдерге арналған технологиялық көрменің берері мол. Балаңызды техникалық бағытқа баулимын десеңіз, мархабат, көрмеге әкеліп көріңіз. Мұнда мамандардың көмегімен мектеп оқушылары 3D-модельдеу, робототехника, құммен сурет салу өнері мен топтасып жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді. Осылайша, ойы озық, заманауи құралдармен жұмыс істей алатын жеткіншек болуға мүмкіндік бар. Бұл заманауи кітапхана жаңа құрылғыларға лық толы деуге болады: тіл қататын глобустан бастап 3-Д принтерлер мен робототехника жинақтары келген жанды қызықтырмай қоймайды. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің көңілінен шығатын ғарыш жайлы жазылған кітаптар да көрмеге қойылған. Ұйымдастырушылар кейде баласын ерте келген ата-аналардың өзі бұл жерден шыққысыз екенін айтады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
13:32, 5 мамыр 2021
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕ...
Толығырақ...
ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ
13:40, 29 сәуір 2021
ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ
Толығырақ...
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
17:17, 26 наурыз 2021
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар