ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ТАРИХ ПӘНІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ҚАТЕ НЕГЕ КӨП?

17:19, 29 қаңтар 2021

Осы уақытқа дейін мектеп оқулықтарының сапасыздығы туралы қанша рет айтылса да, бірақ әлі күнге дейін еш нәтиже жоқ. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  мектептерде қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы пәндерінен бірыңғай оқулықтар әзірлеу қажеттігін атап өткен болатын.   Жаңартылған білім мазмұны бойынша Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндерінің бағдарламасы заман талабына сай болғанымен оқулықтың  сапасы сын көтермейді. Ұстаздар оқулықтардағы деректердің сәйкессіздігіне біріншіден оқулықтардың әр түрлі баспадан шығуы себеп болса, екіншіден оқулықты жазар алдында Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихындағы деректер бір-бірімен салыстырылып, қарастырылып, ой сүзгісінен өтіп барып жазылса дейді. Бұдан бөлек ұстаздар оқулықтағы тақырыптар күнтізбелік тақырыптық жоспармен  сай келмейді. Яғни оқулық пен пән бағдарламасындағы сәйкессіздікті ескеріп, бірыңғай жүйеге келтірсе дейді. Ол үшін оқулықты құрастыруға білікті мамандардың тәжірибесі қажет екендігін атап өтті. Ұстаздар оқулықтың сапасына баса мән берілсе, түйткілді мәселе шешімін табатынына сенімді.

Тақырып бойынша материалдар

ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
17:17, 26 наурыз 2021
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
Толығырақ...
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
13:30, 15 наурыз 2021
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар