ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ШҚО-ДА 18 КОЛЛЕДЖ ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

16:48, 2 қараша 2020

Қазақстанда 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Сапалы біліммен студенттерді қамтамасыз ету мақсатында комитет барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Аталған бастама Шығыс Қазақстанда да қолға алынуда. Өңірдегі колледждердің жағдайы қандай?

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін нақты шараларды қолға алу керектігін дәстүрлі Жолдауында баса айтқан болатын. Мемлекет басшысының пәрменіне сәйкес бәсекеге қабілетті білім ордалары ғана студенттерді қоғамға қажетті мамандықтар бойынша әзірлеуі тиіс. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарау керек. Студенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесе жүргізілген. Мониторинг жүргізілді. Белгілі бір қайшылықтарға байланысты оқу ордасы жабылды. Аймақта оқу процессін жүргізбеген бір колледждің есігіне қара құлып салынды.  Ал ондағы студенттер мен ұстаздардың жайы не болмақ? Бұл сауал кімді болсын мазалайтыны анық.

Облыста білім сапасын арттыру мақсатында атқралып жатқан жұмыстар әлі де  жалғасатын болады. Материалдық-техникалық базаны жаңарту, оқулықтарды ретке келтіру бойынша шаралар да қолға алынған. Сонымен қатар педагог мамандардың біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталар болсақ, түрлі біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Ал білім ордалары жабылған студенттер мен ата-аналарына алаңдауға негіз жоқ, қазіргі уақытта білімгерлердің оқу жылын аяқтауына рұқсат берілді.  Ешқандай проблема болмайды дейді жауаптылар.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар