ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

СЕМЕЙДІҢ МЕКТЕПТЕРІ «ЭКОАСАР» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

13:33, 8 қаңтар 2021

Семейдегі оқу орындары мен мектепке дейінгі мекемелер «ЭкоАсар» республикалық акциясына белсенді түрде қатысты. Экологиялық іс-шара аясында қаламыздың орта мектептері мен балабақшаларында одан әрі өңдеу үшін макулатура жинау ұйымдастырылды. Шикізатты қайта өңдеуге тапсырудан түскен қаражат мектеп кітапханаларын толықтыруға және халықтың әлеуметтік осал тобындағы балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты - өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру және халық арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың артықшылықтарын түсіндіру.  «Жасыл экономика» бағдарламасы шикізат алу мақсатында, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жолға қоюды көздейді. Айта кетерлігі, Семей  тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылған еліміздегі үшінші қала. Алдағы уақытта шаһарымыз үшін арнайы көлік пен қоқысты сұрыптау желісі сатып алынбақ. Бүгінгі таңда экологиялық білім беруді арттыру мақсатында, қаламыздағы үкіметтік емес ұйымдар мен оқу орындары түрлі бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Қоғам өкілдерінің пікірінше, мұндай акциялар өскелең ұрпақ үшін қажет. Қазірде Семейде 6 жалпы білім беретін мектеп базасында пилоттық алаңдар іске қосылды. Онда оқыту семинарларынан кейін оқушылар мұғалімдермен бірге өз идеяларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады. Қайталама шикізатты тапсырудан түскен қаражат мектеп кітапханалары үшін кітаптар мен оқулықтар сатып алуға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталатын болады. Макулатура - қайта өңделетін шикізат. Тауарлардың әртүрлі қораптары мен қаптамаларын қайта өңдеу, табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қайталама өндірісте пайдалануға болатын қатты-тұрмыстық қалдықтардың өзге де түрлері бар. «ЭкоАсар» акциясының эстафетасын өткен жылдың қараша айының соңында Нұр-Сұлтан қаласының оқу орындары Семейге табыстады. Бір ай бойы қала мектептері мен балабақшалардың мұғалімдері балалармен және ата-аналармен бірге макулатураны белсенді түрде жинап, қабылдау пунктіне жіберді. Экологиялық білім беруді арттыруға және қайта өңдеу үшін шикізат жинауға бағытталған акция, болашақта жалғасатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар