ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

САННАН САПАҒА КӨШУ КЕРЕК

13:34, 3 наурыз 2021

Білім саласы үздіксіз дамып отыруы тиіс. Ол үшін нақты бағдарламалар, жоспарлар қажет. Аймақ басшысы облыстық Білім басқармасының басшысымен өткізген кездесуде осыны баса айтты. Сайрангүл Ахметкәрімқызына көптілділікті дамытудың 2021-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын дайындау тапсырылды. Облыста үш тілде білім беруді дамытудың кешенді жоспары бес жылдан бері жүзеге асып келеді. 2016 жылдан тілдік пәндердің 3500-ға жуық оқытушысы арнайы курстық даярлықтан өтіп, оқыту әдістемесін меңгеру деңгейі 14%-дан 89,5%-ға дейін өскен. Даниал Ахметов жиында орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытудың деңгейі мен сапасын арттыру аса маңызды екенін де ерекше атап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алдымен тілді оқыту мен меңгерудің сапасына талдау жасап, қазақ тілін үйрететін мықты мамандарды тарту керек. Сондай-ақ, өзге тілдерді оқытудың ең тиімді әдістерін негізге алып, бейімдеу тиіс. Әсіресе, Кембридж университетінің тәжірибесін қолданған ләзім. Бүгінде аймақта ақпараттық технологиялардың 647 сыныбы бар. Бұған қоса, бірқатар мектептерде робототехника, жаңа модификация кабинеттері, интерактивті панельдер сатып алынып, компьютерлік техникалар жаңартылды. Бірақ мұнымен шектеліп қалмай, ІТ бағдарламалау және роботтандыру бағытындағы үш жылдық бағдарламаны дайындау жүктелді. Осы уақытқа дейін шығысқазақстандық оқушылар үшін цифрландыру бойынша форумдар, ІТ-хакатондар өткен еді. Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек. ІТ саланы шындап қолға алу үшін жылына 2 рет цифрлық форумдар өткізу тапсырылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
17:17, 26 наурыз 2021
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
Толығырақ...
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
13:30, 15 наурыз 2021
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар