ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ КУРЬЕРЛЕРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

РИДДЕРДЕ ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

13:25, 10 қыркүйек 2020

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Риддер қаласына барды. Аймақ басшысы әуелі шаһардағы көпсалалы спорттық модульды көрді.  Мұнда футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Тіпті спортшылар қолайлы болу үшін киім ауыстыратын арнайы бөлмелер де қарастырылған. Жақын арада мұндай жабық модульдер облыстың барлық аудандарында бой көтереді. Сондай-ақ, облыс әкімі жұмыс сапары барысында жақында Риддерде 140 стационарлық орынға арналып салынатын аурухананың құрылысымен танысты. Еске сала кетсек, құрылысқа жауапты Қарағанды облысының мердігері жүктелген міндетті орындай алмағандықтан құрылыс жұмыстары кенжелеп қалған. Бұған қатысты сот отырыстары өтіп, аурухана құрылысы қысқа мерзімде аяқталады деп жоспарлануда. Осылайша Риддердегі мекемелер әлемді әбігерге салған індеттің жаңа толқынына дайын екендіктерін көрсетуде. Қазан айында қалаға қосымша 216 жедел жәрдем көлігі жеткізілмек. Сондай-ақ, өндірісті шаһарда әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, абаттандыру жұмыстарын қолға алу жоспарланған.  Риддерді дамытуға 2,6 млрд теңге қаражат бөлінген. Биыл 600 орындыққа шақталған мектептің құрылысы басталады.                                              

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХ ПӘНІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ҚАТЕ НЕГЕ КӨП?
17:19, 29 қаңтар 2021
ТАРИХ ПӘНІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ҚАТЕ НЕГЕ КӨП?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЙ ЖҮНІН ӨҢДЕУШІЛЕР БАЖ САЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУДІ СҰРАДЫ
13:32, 23 ақпан 2021
ҚОЙ ЖҮНІН ӨҢДЕУШІЛЕР БАЖ САЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУДІ СҰРАДЫ
Толығырақ...