ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

МИНИСТР ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

13:36, 20 мамыр 2021

Дарынды балалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізуіміз керек. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Биыл сәуірдің 25-і мен 30-ы аралығында республика көлемінде жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер бойынша олимпиада өткені белгілі. Бұл сайысқа Шығыс Қазақстаннан 19 оқушы қатысып, алтын, күміс және қола медальдарді иеленді. Министр дарынды оқушылармен онлайн режимде кездесіп, оларды жеңістерімен құттықтады. Қаныш Мұхаметкәрім республикалық пәндік олимпиадада алтын медаль иеленді. Ол Семей қаласындағы білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы. Сүйіп оқитын пәні – информатика. Дарынды оқушы алдағы уақытта түрлі бағдарламаларды әзірлеп, сайт жасап үйренгісі келеді. Болашағын  IT салаcымен байланыстырады. Жеңімпаз берілген тапсырмалар оңай болмаса да, өз-өзіме сендім дейді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың қабілетіне қарай ерте бастан пәндік олимпиадаларға қатыстырып, дайындайды. Өңір басшылығы тарапынан бұл бағытқа ерекше көңіл бөлу керектігі туралы арнайы тапсырма берілген. Облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова талапты жастардың қуаныштарына ортақпыз дейді. Өскемендегі «Білім-Инновация» лицейінде оқитын Нұртөре Төреханұлының қоржынына түскен бұл күміс медаль  -  алғашқы жетістігі емес. Ол өткен жылы да жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық пәндік олимпиадада  бағын сынап көрген. Сол кезде де үкілі үмітті ақтап, алғашқы күміс медалін алған. Марапаттаудан кейін онлайн  форматтағы салтанатты шара одан әрі жалғасты. Оқушылар министрге өздерін көптен бері толғандырып жүрген көкейкесті сауалдарын қойып, тиісті жауап алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
13:32, 17 мамыр 2021
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
13:32, 5 мамыр 2021
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар