ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛҒАН ЕЛ»

13:54, 27 қараша 2020

Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық байқауы биыл онлайн режимде өтті. Байқауға жалпы білім беретін мекемелердің 8-10 сынып оқушылары, нақтырақ айтсақ, аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты зум платформасы мен фейсбук әлеуметтік желісі арқылы өтті. Байқаудың мақсаты ұлы ақын Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға, ақын мұрасына деген қызығушылығын арттыру. Үш кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде байқау қатысушылары халқымыздың ұлттық дәстүрі мен ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған зияткерлік сынға түсті. Екінші кезеңде қатысушылар «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында эссе жазса, үшінші айналымда Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған сахналық бейне қойылым қойды. Жалпы командалық есепте «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан Семей қаласының командасы бас жүлдені иеленді. Байқау жеңімпаздарын ұйымдастырушылар арнайы музыкалық сәлемдеме арқылы құттықтады. Байқауда оза шапқан жеңімпаздарға теледидар, ноутбук, планшеттер мен смарт сағаттар табысталды. Ал жүлдегер атанған әр қатысушыға энциклопедиялар мен поуэрбанктар тарту етілді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар