ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

13:05, 18 қыркүйек 2020

Әлемді әбігерге салған індеттің таралуына байланысты оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды. Осыған орай көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан компьютерлер берілді. Бұл техникалардың сапасы қандай? Келісімшартта көрсетілген сипаттамасына сәйкес келе ме? Берілген заттар талан-таражға түскен жоқ па?  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мән-жайды анықтап көрді. Бүгінде облыста компьтерлік техника берілуге тиіс 23 мыңнан астам оқушының тізімі жасалған. Өңір оқушыларын қашықтан оқыту үшін республикалық бюджеттен 26мың 509 компьютерлік техника сатып алуға 4,1 млрд теңге қаражат бөлінген. Бүгінде үкімет резервінен бөлінген ақшаға алынған 2730 дана компьтерқаладағы облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп лицейінің қоймасында тұр. Олардың келісімшарттарда көрсетілген сәйкестігін тексеру үшін ІТ-технологиялардың жетекші мамандары тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үкімет қаражатына сатып алынған мүліктердің мемлекеттің жеке менішігі екендігін ескертеді. Аталмыш техникалардың заңсыз үлестірілуіне байланысты қандай да бір заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасына жүгінуге кеңес береді. Немесе 1424 колл-орталықтың байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

Тақырып бойынша материалдар

ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
17:17, 26 наурыз 2021
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
Толығырақ...
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
13:30, 15 наурыз 2021
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар