ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

13:34, 8 ақпан 2021

Өскемендегі жоғарғы оқу орны мен «Мархабат. KZ»  мүгедектор қоғамы арасында ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарт жасалды. Бес жылдық меморандум инклюзивті білім беру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолға алып, жоғары сапалы мамандарды дайындауды қолға алмақ. Үш жасар Даниил туғанынан бері сөйлемейді. Бұл ата-анасын қатты алаңдатады. Ұлдарының тілі шығып, былдырлап сөйлей бастағанын күтіп жүр. Көмек сұрап университет жанынан құрылған институт мамандарына жүгінген. Мұндағы оқытушылар теория мен тәжірибені ұштастырады. Дефектолог,  логопед, арнайы педагогика мен психология мамандығында білім алып жатқан студенттер 1-курстан бастап ерекше білім беруді қажет ететін осындай балалармен жұмыс істеп, зерттеу жүргізеді. Университет басшылығы инклюзивті білім беру орталығының жұмысын үнемі қадағалап отырады. Коррекциялық жұмысқа қажет жеке кабинеттер бөліп беріп, соны үлгідегі техникамен қамтамасыз еткен. Бұл бағытта жоғары сапалы мамандарды дайындау  үшін бірегей жоба жүзеге асады. Университет ректоры мен жергілікті мүгедектер қоғамының жетекшісі  арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жоба аясында дефектолог мамандығының 4-курсы мен магиструтурасында оқитын студенттер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып қызмет көрсетеді. Сонымен қоса арнайы педагогика, психология, логопед мамандығының студенттері тірек-қозғалыс жүйесі зақымданып, түрлі невралогиялық ауруларға душар болған жандармен жұмыс істеп, алған білімдерін практикалық жұмыста қолданады. Екіжақты келісімшарт кешенді жұмыстың тиімділігін арттыруға жол ашады.

Тақырып бойынша материалдар

ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
17:17, 26 наурыз 2021
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
Толығырақ...
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
13:30, 15 наурыз 2021
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар