ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

13:30, 15 наурыз 2021

Білім саласында тағы да өзгеріс. Биылдан бастап елімізде грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетіледі. Енді жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін түлектер мамандық бойынша тиісті кезеңді тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар жекеменшік мекемелерде де өтей алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі ресми хабарлады. Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты «Білім туралы» Заңға 2016 жылы өзгерістер енгізілген болатын. Парламент қабылдаған шешімге сәйкес студенттер өз мамандықтары бойынша мемлекеттік ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек еді. Бұл норма 2017-2018 оқу жылынан бастап мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары оқу орындарына түскен барлық студенттерге қолданылады. Ширек ғасырдан бері химия бағытында ЖОО-да білім беріп жүрген тәжірибелі ұстаз Сән Советбекқызы «білім саласындағы өзгерісті құптаймын» дейді. Себебі, кейбір мамандықтар бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс орындары тапшы екені рас. Мұнымен қоса, грантты жұмыспен өтеу мерзімі барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардардың пайдасына қарай қайта қаралды. Мәселен, студент жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсіп, біраз уақыттан кейін жақсы үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын иеленуі немесе керісінше, грантта оқып жүріп, ақылы бөлімге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
13:32, 5 мамыр 2021
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕ...
Толығырақ...
ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ
13:40, 29 сәуір 2021
ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар