ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

17:15, 23 желтоқсан 2020

ҚР  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Жұмыс сапары барысында Экологиялық реттеу және бақылау, Су ресурстары, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, Геология комитеттері аумақтық филиалдарының, «Қазсушар», «Қазгидромет» мекемелерінің жетекшілерімен кездесіп, жиын өткізді. Шығыс Қазақстан облысында 17-20 жылға ғана жететін пайдалы қазбалар қоры бар. Әрине бұл алаңдатарлық жәйт. Аталған мәселені шешу мақсатында өңірге жұмыс сапарымен келген экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев облыста геологиялық барлауды күшейту бойынша жұмыс тобы құрылатындығын айтты. Сондай-ақ бұл проблеманы шешудің тағы бір тетігі заманауи технология әдістерін қолдану, инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Бұдан бөлек министрге өңірде тау-кен өнеркәсібімен айналысатын өндіріс орындарының басшылары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде қандай шараларды қолға алып жатқандығын да баяндады.Мәселен, «Қазақмыс Барлау» компаниясы Шығыс Қазақстанда «Айдарлы» жобасы бойынша  геологиялық барлау жұмыстарына  1 млрд.теңге қаржы құйған. Сондай-ақ, өңірде барлау жұмыстарын жүргізуге бағытталған 3  жоба дайындалып жатыр. Жастарды геология саласына тартып, баулу да аса маңызды. «Қазгеология» компаниясы Шығыс Қазақстанның жергілікті жоғары оқу орындарымен әріптестікті күшейтеді. Осылайша маман тапшылығы мәселесі оң шешімін табады деп күтілуде. Өңірдегі өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен етене танысу мақсатында министр «Қазмырыш» компаниясына ат басын бұрды. Тау-кен өндіретін компания Өскемендегі экологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында ауаға бөлінетін зиянды заттар көлемін азайтпақ. Сондай-ақ министр  өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері тау-кен өндірісі өнеркәсібі болғандықтан, бұл салаға бөлінетін қаржы көлемін арттыру қажеттігін атап өтті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар