
Семейде колледж студенттері арасында «Абай тағылымы» атты еріктілердің облыстық онлайн слеті өтті. Оған 51 техникалық және кәсіптік оқу орнының еріктілері мен қызметі қайырымдылықпен байланысты түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Толығырақ тілші бейнематериалында. 5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күні. Мереке қарсаңында қаламызда колледж студенттері арасында «Абай тағылымы» атты еріктілердің облыстық онлайн слеті өтті. ZOOM байланыс платфомасы арқылы ұйымдастырылған шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында облыстық ішкі саясат, білім басқармаларының өкілдері, ерікті ұйымдардың үздік волонтерлары болды. Уақыт пен күш-жігерді аямай, қоғамға тегін көмектесетін әрбір адам бұл күнді өзінің мерекесі деп санайды,- дейді шараға қатысушылар. Ерікті болу - бұл кейде өте қиын, бірақ әрқашан жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Бірақ, ерікті болуды қалайтын жастар аз емес. Мәлика Ерсәлиева өз оқу орнының үздік еріктісі деп танылды. Биылғы жыл көмек қолын созуға дайын адамдардың көп екенін көрсетті. Яғни, бірлесіп кез-келген қиындықты жеңуге болады. Онлайн слет барысында үздік ұйымдар, оқу орындары мен еріктілер марапатталды.