ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЕР МҰҒАЛІМДЕР НЕГЕ АЗ?

14:02, 2 қазан 2020

Алдағы жексенбі – ұстаздар күні. Барлық мамандықтың анасы саналатын мұғалімдердің қай кезде де орны бөлек. Статистикаға көз жүгіртсек, білім ордаларда қызмет ететін педагогтердің басым көпшілігі нәзік жандылар. Осы мәліметтерге қарап отырып, ер мұғалімдер неге аз деген сауал туындайды. Ер адам үйдің асыраушысы болғандықтан, машақаты мен бейнеті көп, жалақысы аз жұмыстарға барғысы келмейді деген пікірлер де айтылады. Мектептердегі ер мұғалімнің жетіспеуі әке рөлінің төмендеуіне әкеледі деген көзқарас та бар. Ер ұстаздардың саны неге сиреп кетті?

Білім басқармасының дерегінше, облыста 23 мың 157 мұғалім бар. Оның 4 мың 386-ы ер ұстаздар. Олардың орташа жас мөлшері 40 жасты құрайды. Жыл өткен сайын ер мұғалімдердің  білім беру саласына көптеп келуі үшін жағдай жасалынуда. Мәселен, былтыр тамыз кеңесінде қалалық әкімдік ер ұстаздарға тегін баспана кілттерін табыстаған болатын. Пәтер алу бақытына ие болғандардың бірі - "Зәки Ахметов атындағы16 орта мектебінің" география пәні мұғалімі Айдар Қалдыбаев. Ұстаздық қызмет еткеніне биыл 10 жыл. Ер ұстаздарға жасалынып жатқан жағдайдың арқасында бұл салаға келушілер саны жылдан-жылға артып келеді дейді.

Ал саналы ғұмырын білім саласына арнап, 25 жыл мектептерде басшылық қызметтің тізгінін ұстаған, бүгінде ардагер ұстаз Әлібек Нұрмұхамбетов қай заманда болмасын ер ұстаздардың мәртебесі әйелдер қауымынан бір сатыға жоғары болуы керек дейді. Не десек те, мектептердегі ер мұғалімдердің азаюы – ойлантарлық жағдай. Ұлттың келешегін ойласақ, мектептегі ер мұғалімдердің санын арттыру аса маңызды міндет екенін естен шығармайық.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар