ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ОЙЫН

18:05, 7 қазан 2020

Шығыста «Менің әлеуметтік таңдауым» ойыны алғаш рет ойынсүйер қауымға жол тартты. Аталмыш ойынның басқа ойындарға ұқсамайтын ерекшелігі неде? Бұл ойында әр қатысушы өз бойындағы артықшылықтарды көрсете отырып, өмірде кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімін табуға үйренеді. Адамның бастан өткеріп жатқан жағдайларына байланысты сұрақтар да әртүрлі. Мұнда сіздің жасаған таңдауыңызға байланысты оқиға әрмен қарай өрбіп отырады. Ұйымдастырылатын ойындар ойын алаңы, кәртішкелер түріндегі ойындар деп  бөлінеді. Мамандар бұл ойынның тағы бір артықшылығы әлеуметтік желіге жіпсіз байланған заманда жастардың белсенділігін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартуға мүмкіндігі зор дейді. Ұйымдастырушылар алғаш рет тәжірибелік сынақтан өткізіп отырған ойын қатысушылар арасында қолдау тапса, тек облыста ғана емес, өзге өңірлерге де таратпақ ниетте.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар