
Өскеменде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заманауи цифрлық технологияларды оқытатын үйірмелер жұмысын бастады. Аталмыш оқыту жүйесі Еуропа мен Жапонияда қолданылған. Толығырақ келесі сюжетте. Жапондық ғалымдар балаларды жастайынан ойын түріндегі бағдарламалаудың қыр-сырына үйретеді. Оқыту жүйесінің деңгейі кезең-кезеңімен күрделеніп, балғындар роботтардың әр түрлі моделдерін жинақтап, бағдарламалауды меңгереді. Мұғалімдер балаларды цифрлық технологияларға оқыту – 21 ғасырдың басты талабы дейді. Жас техниктер станциясында балалар 6 жастан бастап робототехника мен оның негіздерін үйренеді. Яков Май робототехника үйірмесіне қатысады. Аз уақыттың ішінде ол бағдарламалаудың қыр-сырын үйреніп, бірнеше роботтарды құрастырған. Жас техниктер станциясы үйірмесінің қатысушылары өздерінің түрлі жобаларымен әр түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарды иеленуде.