ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ

17:15, 17 ақпан 2021

Мемлекет дамуының бір көрсеткіші білім саласы. Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері Шығыс Қазақстанда жалпы саны 171 білім беру нысаны салынған. Олардың ішінде 144-і мектептер болса, 27-сі балабақша. Облыстағы білім беру саласының жетістігі жайлы Данияр Қайратұлының материалында. «Күш – білімде» қазақ даналығы осылай дейді. Елдің ертеңі болар жастарға бүгінде білім саласында көптеген қолдау көрсетілуде. Әсіресе, қазіргі заман талабы болған ІТ, робототехника-инженерия сынды бағыттар өзгелерден көш ілгері тұр-ақ. Сол себептен, болашақ техниктерді осы сәттен дайындау қажет. Облыста бұл тарапта жемісті жұмыстар жетерлік. 2017 жылы қолға алынған «Туған жер» акциясы негізінде аймақтағы бірқатар мектептер жаңаша жаңғыртылды. Оған демеуші болған өңір азаматтары еді. Қолдауға дайын жерлестеріміз жалпы сомасы 2,8 млрд қаражат жиып берген. Шығыс Қазақстан республика бойынша жүзеге асырылған жоба аясында 655 мектепте ІТ сынып ашып, көш бастаған. Солардың қатарында Өскемендегі З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп бар. Мектеп директорының айтуынша, білім ордасындағы бірнеше сынып заманауи талаптарға сай етіп жасақталған. Оқушылар игілігін көріп отыр.  ІТ сыныптарда білім беретін 1023 мұғалім екі жыл ішінде арнайы курстан өткен. Нәтижесі - соңғы жылдары шығысқазақстандық оқушылар облыс әкімінің қолдауымен өткен стартап жобалар сайыстарында жеңіске жетіп, 24 млн теңгеге жуық қаражатты жеңіп алған.

Тақырып бойынша материалдар

ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
17:17, 26 наурыз 2021
ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
Толығырақ...
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
13:30, 15 наурыз 2021
ГРАНТТЫ ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар