ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

13:32, 17 мамыр 2021

Қазан қаласындағы мектепте болған террорлық жағдайдан кейін білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шұғыл шаралар қабылдануда. Семейде радикалдық және өзге де тосын жағдайларға жол бермеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Басқосуға полиция қызметкерлері, білім бөлімі және төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, медицина қызметкерлері қатысты. Бүгінгі күні қаладағы білім беру мекемелері 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 56 бейнебақылау жүйесін жаңартып, жедел басқару орталығына қосу жоспарланып отыр. Мұнымен қоса мектептерде дабыл белгілерін орнату және әлеуметтік желілерді мониторингілеудің тиімділігін арттыру маңызды. Мұндағы басты мақсат – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенконың айтуынша, өткен жылдан бері қала мектептерінде турникеттер орнатылуда. Қазір қаланың 12 мектебінде мұндай құрылғы бар. Ағымдағы жылы жазғы каникул кезінде барлық білім беру мекемелеріне орнатылмақ. Басқосу барысында мектептерге мамандандырылған күзет қызметін жұмылдыру мәселесі талқыланды. Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету шаралары да басты назарда болуы шарт. Балалар қазір қашықтан білім алу кезінде әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетіні белгілі. Сондықтан оны қадағалап отырмаса, ол жақтан да балаларға қауіп көп. Сондықтан бүгінгі күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоғамдағы басты міндеттердің бірі болып отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
13:32, 5 мамыр 2021
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар