ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА

17:56, 12 қараша 2020

«Адамзаттың Абайы» атанған ақынның әдеби мол мұрасы халық жүрегіне жол тапқан. Абай Құнанбайұлының жалпақ жұртқа кеңінен таныс «Көзімнің қарасы» әнін орындап, «IQ Star» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған Варвара Владимирцева елдің шексіз ықыласына бөленді. Мектеп оқушысы жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семейде  өткен абайтанушы ғалымдармен кездесуіне барып қайтты. Ел Президентімен кездесіп, алғыс хат пен төсбелгі иеленді. Варвара Владимирцева үш жасынан бастап ән айтады. Баланың бойындағы ерекше қабілетін ерте таныған әжесі немересінің болашағынан зор үміт күтеді.  Жас әншінің талпынысын ұштап, әр аттаған қадамына қуат беруде.

Варвара Владимирцева «Көзімнің қарасы» әнімен «Абай оқулары» облыстық байқауында екінші орын, ал  биыл ұйымдастырылған республикалық «IQ Star» байқауының «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлде иеленді. Жетістіктері көп.  Бүгінде жалпы білім беретін орта мектепте оқуымен қоса, музыкалық білімін де жетілдіруде. «Фортепиано» сыныбында тәлім алады. Талапты жас көп уақытын сабағы мен бойындағы қабілетін дамытуға жұмсайды. Қаладағы 16-шы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі Варвараның сынып жетекшісі Анар Туғамбаева жас әнші Абайдың көңілге қонымды «Көзімнің қарасы» әнін бірден ұнатқанын айтады.

Оқушының табандылықпен, алға қойған мақсатына жете білуі - мектеп ұжымының оқу мен тәрбие бағытында дұрыс жолға қойылған тынымсыз еңбегінің жемісі. Білім беру ошағында  һәкімнің 175 жылдық мерейтойына орайластырылған көптеген шаралар өтеді. Адамзаттың Абайы атанған ақынды оқыған жас ұрпақ тағылым алады. Абай шығармалары баршаға ортақ, біртұтас мәдениет қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар