ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

АБАЙ ОҚУЛАРЫ

17:44, 22 қазан 2020

Өскеменде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай этнос жастары арасында республикалық «Абай оқулары» байқауы өтті. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан үміткерлер өлеңдерді жатқа айту, көркем сөз оқу және ән айту шеберліктері бойынша сынға түсті. Байқау онлайн форматта өтті. Бірінші кезеңде үміткерлер һәкімнің қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан үзінділер келтірді. Ал екінші кезеңде Абайдың және халық әндерін орындады. Өнер сайысына түскен қатысушылардың шығарманы мәнерлеп оқу, әнді нақышына келтіре орындау шеберліктерімен қоса, тілді жетік білулері, таза сөйлеуі де сарапқа салынды. Қазылар алқасы «Абайдың тілі – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбындағы үй тапсырмаларын да бағалады. Үміткерлер бұл тақырыптағы 1 - 1,5 минуттық видеоларын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға алдын ала жіберген. Әр қатысушы бар өнерін ортаға салып, жеңімпаз атануға тырысты. Этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
17:17, 3 наурыз 2021
ЖОО ДИПЛОМЫ ЖАҢА ҮЛГІДЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
13:30, 2 наурыз 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТАТЫН ҮЙІРМЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар