
Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселесіне соңғы жылдары көңіл бөліне бастады. Облыс орталығында пластиктерді жинауға арналған бірнеше контейнерлер орнатылды. Еуропа елдерінде табысты саналатын бұл кәсіп түрі қазақстандық кәсіпкерлерге неге кіріс әкелмейді? Өскемендік Динара Әкімжанова 4 жылдан бері пластикалық бөтелкелерді жинаумен айналысып келеді. Ай сайын арнайы контейнерлерге азаматтар 15-тен 20 тоннаға дейін пластикалық бұйымдарды тастайды. Бір өкініштісі, пластиктердің басым көпшілігі өңдеуге емес, қоқысқа түседі. Қаладағы қатты қалдықтарды өңдеумен айналысатын тағы бір компанияның жағдайы да аса мәз емес. Экологтардың сөзіне қарағанда, облыстағы қоқыс полигондарының проблемасы кешенді түрде шешімді қажет етеді. Біріншіден, мамандар қатты қалдықтарды жинау, өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға бағытталған жобаларды қолдау қажеттігін айтады. Екіншіден, тұрғындар арасында қоқыстарды бөлек жинау принципін қалыптастырып қана қоймай, түсіндіру жұмыстарын да белсенді жүргізу қажет дейді.