ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ШВЕЙЦАРИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

14:26, 27 тамыз 2020

Швейцариядағы қандастарымыздың қаржыландыруымен Семейдегі екі медициналық мекемеге гуманитарлық көмек ретінде қорғаныс костюмдері табыс етілді. Игі шара Швейцар-қазақ диаспорасының «Бірлік» қоғамдық қорының бастамасымен қолға алынған. Осылайша қандастарымыз атажұрттан алыста жүрсе де қиын кезеңде елдегі ағайынға аз да болса көмек беруді мақсат тұтқан.

Бір топ волонтер қаламыздағы жұқпалы аурулар ауруханасы мен перинаталдық орталыққа құны 1 млн теңгеден асатын 200 дана медициналық костюмды жеткізіп берді.  Еріктілер оны Алматы қаласынан арнайы  тапсырыспен алдырған. Медициналық киім аса қауіпті жұқпалы аурудан қорғануға арналған, -дейді дәрігерлер. Елімізде шығарылатын қорғаныс костюмінің бір артықшылығы оны бірнеше мәрте пайдалануға болады. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты медицина саласына жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар қолдан келген көмектерін аямауда. Қазіргі таңда науқастармен бірге дәрігерлердің де денсаулығы маңызды, - дейді ұйымдастырушылар. Медициналық мекемелерге гуманитарлық көмекті «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері табыстады.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...