ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

13:30, 5 сәуір 2021

"Semey bus" автобус паркінің қарызы 2 млрд 100 млн теңгені құрайды. Соған қарамастан, тасымалдаушы өз қызметін тоқтатқан жоқ. Кәсіпорынның банкроттығы туралы айтпаса да болады. Автопарк басшылығы баспасөз конференциясын ұйымдастырып, жаңа кәсіпорынның жағдайы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 2019 жылы "Semey bus" автопаркінің құрылуы облыс басшылығының жолаушылар тасымалы саласында жүзеге асырған реформаларымен тікелей байланысты болды. Жаңа кәсіпорынға субсидия бөлуді қарастыратын үш жақты келісімге қол қойылды. Серіктестік директоры Болат Қылышбековтың айтуынша, субсидия алу үшін барлық шарттар орындалды. Несиеге 170 жаңа автобус сатып алынды, қысқа мерзімде барлық түсімдердің толық ашықтығын қамтамасыз ететін электрондық билеттеу енгізілді. 2020 жылдың басында облыс әкімдігіне субсидия алу үшін барлық құжаттар ұсынылды. Бұл инвесторлардың мемлекетпен бірлесіп жобаларға қатысуына сенімсіздік тудырады, дейді автопарк басшысы. Автопарктің шығындары пандемия кезінде, карантинге байланысты жолаушылар ағыны төмендеген кезде күрт өсті. Қордаланған қарызға қарамастан, автопарк жұмысын тоқтатқан жоқ. Баспасөз конференциясына қатысқан әкімдіктің жауапты коммуналдық бөлімінің жетекшісі көмек тек "Semey bus" ЖШС-не ғана емес, тағы екі автопаркке көрсетілетінін жеткізді. Бөлім жетекшісінің айтуынша, субсидия төленбеуіне қаладағы табыс әкелмейтін бағыттардың анықталмауы себеп болған. Бұл тек өткен жылдың күзінде ғана белгілі болды. Ал «Semey bus» мекемесі директорының айтуынша, мұндай 23 бағыт 2019 жылы мәслихаттың шешімімен пайда әкелмейтін бағыт ретінде танылған. Болат Қылышбековтың сөзінше, қазір әкімдік бөлуге уәде етіп отырған қаражат тасымалдаушының барлық шығындарын өтемейді, автобустардың тұрақты жүруін қамтамасыз етуге де жеткіліксіз. Ал жолаушы тасымалымен айналысатын  кәсіпорынның жабылуы туралы мәселе жоқ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар