ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

СЕМЕЙДЕГІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ

13:30, 17 наурыз 2021

Семей қаласы әрдайым Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің орталығы болған. Тәуелсіздік жылдары бұл сала көптеген өзгерістерге ұшырады. Жеңіл өнеркәсіп нысандарының шикізат жеткізуден бастап, өндірістік циклдарды қайта қалпына келтіруіне тура келді. Кейіннен ішкі тұтыну нарығы үшін шетелдік өндірушілермен қатты бәсекелестік кезеңі келді. Бүгінгі таңда отандық компаниялар шығаратын киімдерге сұраныс жоғары, өйткені сапасы жоғары және бағалары қолжетімді. Бұл тігін шеберханасы 1999 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мұнда 10 адам жұмыс істейді. Өнімдерінің сапасы жоғары болғандықтан, сұраныс та бар. 20 жылдан  астам уақытта жұмыс киімдері мен формаларына тапсырыс беретін тұрақты тұтынушылар пайда болды. Олардың ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен өндірістік ұйымдар бар.  30 жыл бұрын Қазақстандағы өнеркәсіптік нысандарының жұмысшылары мамандандырылған киімдер туралы армандаған да жоқ, - дейді мекеме өкілдері. Себебі ол кезде бұдан басқа да мәселелер болды. Бүгінде тау-кен және мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері шеберхананың арнайы киімдері туралы жақсы біледі. Мұның бәрі жас дизайнер Ирина Булутханованың Түркия мен Қытайда қосымша курстан өткеннен кейін, өзінің тігін өндірісін ашқан соң басталды. Бүгінде аяғынан нық тұрып, көптеген кәсіпорындарға, құқық қорғау органдары мен Қазақстан армиясының бөлімдерінің тапсырыстарын орындап жүр. Семейде шығарылған өнімнің ыңғайлылығы мен сапасын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өзі жоғары бағалаған. Тігін шеберханасында жоғары санатты мамандар жұмыс істейді. Ал шеберхана тек арнайы киім тігумен ғана шектелмейді, мұнда олар барлық санаттар мен жастарға арналған сырт киімдерді тігеді. Мәселен, егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ата-аналар балаларына қытайдан немесе ресейден шығатын мектеп формасын сатып алуға мәжбүр болса, бүгінде оларға отандық өнімнің кең ассортименті ұсынылады. Бүгінгі күні коронавирустық пандемияға байланысты экономикалық белсенділіктің баяулады. Осыған байланысты жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қиын кезеңдерді бастан кешуде. Соған қарамастан  қазақстандық тігін компаниялары өндірістік қызметін жалғастырып, ішкі нарықта сұранысқа ие киімдерді тігуді жалғастыруда.  Жеңіл өнеркәсіптің ардагері Елена Кривомазованың айтуынша, сапалы, әдемі және ыңғайлы киім тігу - бұл шығармашылық тәсілді қажет етеді. Оның пікірінше, Қазақстанда жасалған арнайы киімдер Ресей мен Қытайдың компаниялармен  бәсекелесуге қауқарлы. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп саласында да өзіндік мәселелер бар. Бастысы-жас мамандардар  жетіспейді. Осыған байланысты компания басшылығы оқу орталығын құру туралы шешім қабылдаған. Онда қыздар мен әйелдер тігінші мамандығын меңгеріп, білікті шеберлерден үйренуге мүмкіндік алады. Өкінішке қарай, біздің қаламызда киім өндірісі кенже қалғанымен, осындай шағын кәсіпорындардың арқасында Семейдегі жеңіл өнеркәсіптің бұрынғы даңқын қайта жандандыруға мүмкіндігі бар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар