ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

РИДДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

13:35, 21 желтоқсан 2020

Риддер – облыстағы әлеуметтік экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі.  Шаһарда ауқымды іс шаралар жиі өткізіледі.  Мәселен, жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында көптеген жобалар жүзеге асырылды. Бұл туралы брифинг барысында шаһар басшысы  Дмитрий Горьковой мәлімдеді. Жиын барысында Дмитрий Горьковой жергілікті атқарушы органның жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен басым бағыттары турасында сөз қозғады. Ағымдағы жылы Риддер аумағында "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде 2, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы 34 жоба іске асырылған.Бұл бағдарламалар инфрақұрылым объектілерін салу мен дамыту, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру есебінен жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтиды. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес Риддерде қаласын дамыту жоспары тиімді жүзеге асырылуда. Брифинг соңында Дмитрий Горьковой алдағы жылға арналған негізгі жоспарларымен бөлісті. Жақын арада бірнеше жобаны жүзеге асыру көзделген.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...