ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

17:23, 9 желтоқсан 2020

31-желтоқсаннан бастап тауарға ілеспе жүкқұжаттарын пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылады.  Бұл құжат Жаңа жылдан бастап электронды форматта рәсімделеді.  Аталмыш  іс-шара шетелден жүк тасымалын жүзеге асыратын облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттік шекарадан өту тәртібін жеңілдетеді. Заңнамалық өзгеріс бойынша салық төлеушілер нені басты назарға алуы тиіс?  СНТ немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат (ТІЖ)  дегеніміз –  бұл жүкті екінші адам сатып алған кезде талап етілетін ілеспе бухгалтерлік құжат. Бұл құжат Жаңа жылдан бастап электрондық түрде рәсімделіп, тауарды сүйемелдейді. Тауарға қатысты ақпараттың барлығы «Электронды шот-фактуралар» жүйесінде тіркеліп, жедел түрде сатушыдан  сатып алушыға  жіберілгені расталады. Бұл жоба қадағалаушылықты арттыру мен модернизациялау мақсатында қолға алынды. Бұл жоба бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда-саттық жасап, жүс тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер үшін тиімді. Алдағы уақытта қағазбастылық салдарынан шекаралық бекетте сағаттап тұру деген болмайды. Мамандар заңнамадағы жаңашылдыққа байланысты оңды өзгерістер болатынын алға тартады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...