ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ӨНДІРІСТЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР АЗАЙМАЙ ТҰР

16:46, 25 қараша 2020

Соңғы он айда облыста 164 адам өндірістік жарақат алды. Оның 74-і ауыр жағдайда болса, 21-і өндірісте өлім құшқан. Бұл былтырғы жағдаймен салыстырғанда сәл де болса төмен көрсеткіш. Дегенмен, өндіріс ошақтарындағы жарақаттар санын азайту бағытында жұмысты тоқтатпау керек. Аталмыш мәселе мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен онлайн-семинарда талқыланды. Облыстық еңбек инспекциясы тарапынан жыл басынан бері 130-дан аса арнайы тексеру жүргізіліп, істің мән-жайы құқық қорғау органдарына жөнелтілген. Сотқа дейін жеткен фактілер де бар. Еңбек қауіпсіздігін сақтап, өндірістік жарақаттарды болдырмауға бірнеше тарап мүдделі болуы тиіс. Жұмыс беруші, жұмысшының өзі құқығын біліп, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы маңызды. Кәсіподақ мүшелері, кәсіпорын қызметкерлерінің семинарда бас қосуының басты себебі де осы. Өндірістік жарақаттардың көбі тау-кен өндіру саласына тиесілі. Екінші орында - бюджеттік мекемелер. Құрылыс алаңында болатын оқиғалар да аз емес. Жазатайым жағдайлардың басты себебі – салғырттық. Сараптама көрсеткендей, жыл басынан бері тіркелген фактілердің жартысынан көбі адамдардың қорғаныш құралдарын кимей, дұрыс пайдаланбауы салдарынан болған. Семинар барысында жұмыс берушілерге еңбек кодексіндегі және нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер де түсіндірілді. Облыс бойынша 2023 жылға дейін қабылданған жол картасы бар. Оның негізінде еңбек инспекциясы тарапынан кәсіорындарға профилактикалық және кезектен тыс тексерулер тұрақты түрде өткізіледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...