ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СЕМЕЙДЕ БОЛДЫ

17:32, 7 желтоқсан 2020

Шығыс Қазақстан облысының күнбағыс өңдеу бойынша алдыңғы қатардан көрінуіне барлық мүмкіндік бар. Бұған өңірде құрылысы қарқынды жүріп жатқан өсімдік майын өндіретін зауыттар ықпал ететін болады. Олардың бірі Семейде, Восход кенті ауданында салынуда. Сондай-ақ, қаланың ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының көлемін ұлғайту бойынша да болашағы зор. Семейге жұмыс сапарымен келген ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев май зауыты мен көтерме-тарату орталығының құрылыс барысымен танысты. Бүгінде облыс аумағында майлы дақылдардың шамамен 66% - ы өсіріледі және қайта өңдеу қуаттарының 23% - ы орналасқан. Мұндай әлеуетті барынша пайдаланылуға болады және өңір экономикасына да пайдасы тимек.  Бұл тұрғыда, жаңа май зауытының құрылысы жергілікті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін маңызды. Ірі жобаны жүзеге асыру 2019 жылдың сәуір айында басталды. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев кәсіпорынның өндірістік кезеңін қарап шығып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалады және бүгінгі таңда өңірде бірден екі зауыттың құрылысының жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне күнбағыстың егіс алқаптарын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік бермек. Жобаны келесі жылдың көктемінде аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев "Сары" базарында болып, онда салынып жатқан "Жоламан"көтерме-тарату орталығын көрді. Мұнда көкөністер мен тұрақтандыру қорының өнімдері сақталады. Ғимаратта мүмкіндігінше әр маусымның климаты ескерілген. Басты мақсат – халыққа азық-түлікті делдалсыз сату. Бұған қоса, мұнда қонақ үй кешенінің, кафетерий мен базардың құрылысы жүріп жатыр. Мал сою цехы мен зертхана іске қосылған. Көтерме- тарату орталығы келесі жылы толықтай іске қосылады деп жоспарлануда. Облыс әкімнің орынбасары аталмыш нысанның болашағының зор екендігін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...