
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамаларда олқылықтар көп. Бұл туралы мәжілісте айтылды. Аталған құжатты талқылау барысында Мәжіліс төрағасы осылай деді. Енгізілген түзетулер мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіруді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен бір жерден сатып алудың жолын кесуге бағытталған. Президент Жолдауында айтылған бұл бастамалар енді іс жүзінде жүзеге асуы тиіс.