ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨҢДЕЙТІН БІРЕГЕЙ КӘСІПОРЫН

13:30, 26 қараша 2020

Глубокое ауданында майлы дәнді-дақылдарды терең өңдейтін зауыт құрылысы қарқынды жүргізілуде. Күнбағыс, соя, рапс сияқты дақылдардың дәнінен дайын өнім шығаратын өндіріс технологиясы бірегей. Әлемнің озық технологияларын қолдану көзделген. Алынатын өнім ішкі нарық пен экпорттық әлеуетті арттыруға бағытталмақ. Жоба Предгорное ауылындағы бұрынғы элеватор жанынан бой көтеріп жатқан кәсіпорын бірнеше бөліктен тұрады. Түрлі дақылдарды әр цехта жекелей өңдеу көзделген. Қазірдің өзінде күнбағыс ядросын өндіру деп аталатын бұл зауыт техникалық тұрғыда іске қосылып, сынақтан сәтті өтті. Жобаның басты ерекшелігі – кәсіпорынға жеткізілетін шикізат толықтай өңдеуден өтіп, тіпті қалдығының өзі кәдеге жаратылады. Кәсіпорын тәулігіне мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы. Инвестициялық жобаның құны 22 млрд теңге. Біздің майлы дәнді-дақылдарға іргедегі Қытай мен орта Азия елдерінен сұраныс жоғары. Сол себепті кәсіпкерлер ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз етуге мүдделі. Ал мұндай жобаны мемлекет қолдауға дайын. Өңдеу технологиясы бойынша күнбағыс қалдығының өзі іске жаратылады. Пресстелген мына брекеттер отын орнына қолданылмақ. Мамандар кәдімгі көмірден еш кем түспейді дейді. Құрамы тек күнбағыс қабығы. Ешқандай қоспасыз отынның қоршаған ортаға зияны жоқ. Қазір осынау брекеттер арнайы сараптамаға жөнелтілген. Кәсіпорын дақыл өңдеу саласында әлемдегі жетекші мемлекет саналатын Украинамен тығыз қарым-қатынаста. Жобаны келер жылдың күзінде толық іске қосу көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...